21 желтоқсан 2015 16:04

Туысын өлтіруге тапсырыс берген қарағандылық әйелді ұстау сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Туысын өлтіруге тапсырыс берген қарағандылық әйелді ұстау сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Тапсырыс берген әйел "киллерге" ақша беру сәтінде ұсталды, ал киллердің ролін Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері сомдады.

Осыған дейін әйелдің 37 жастағы туысын өлтірту үшін "киллерге" 400 мың теңге бергені белгілі болған еді. Бұл іске әйел ер адамның атына жазылған пәтерді алып алмақ ниетте бармақ болыпты. Әйел киллерге 50 мың теңге көлемінде аванс беріп, тапсырыстың орындалғанының рас-өтірігін анықтау үшін туысының құлағы мен оң қолын әкеліп беруді сұраған. 

Полицейлер түсірілімге арнайы құлақтың муляжын дайындапты. Сонымен қатар, пышақ пен қан қолданылды. Сурет пен видео тапсырыс берген әйелге көрсетілген, осы уақытта әйел "киллерге" ақша беріп жатқан сәтінде ұсталды. Тапсырыс берген әйел ақша беріп жатқан сәтінде ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр, жасанды құлақ пен суреттер тәркіленді. Азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети