18 шілде 2015 00:08

ҰҚК Бішкекте өлген қазақстандықтар туралы мәліметке түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абхин Альберт пен Амиров Жанболат ©vb.kg Абхин Альберт пен Амиров Жанболат ©vb.kg

ҰҚК Бішкекте арнайы операция кезінде өлген қазақстандықтар туралы мәліметке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰҚК Бішкекте арнайы операция кезінде өлген қазақстандықтар туралы мәліметке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кейбір ақпарат құралдарында Бішкекте Қырғызстан республикасының МҰҚК-нің арнайы операция кезінде Қазақстан азаматтары Абхин Альберт пен Амиров Жанболаттың көзін жойғаны жайлы мәлімет пайда болды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұл тұлғалар туралы мәліметі бар. Екі азамат та Батыс Қазақстан облысында тұрып келген және радикалды насихаттың әсерімен Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығысқа қатысу үшін елден кетіп қалған", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Абхин 2014 жылдың мамыр айында және Амиров тамыз айында Қырғызстанға өтіп, ары қарай шетел аспақ болған. 2014 жылдың жазында оларды Қырғызстан арнайы қызметтері ұстап, шекараны заңсыз кесіп өткендері үшін және жасанды құжат қолданып, заңсыз көші-қон ұйымдастырғандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Абхин төрт жылға, ал Амиров 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

"2015 жылдың мамыр айында Абхин мен Амиров колониядан қашып шықты. Ұлттық қауіпсіздік қызметі қырғыз арнайы қызметтеріне қылмыскерлерді іздестіруге жәрдемдесті. Нәтижесінде екі тұлға табылды, алайда ұстау кезінде олар қарулы тойтарыс беріп, кейін көздері жойылды. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының Абхин мен Амировтың Қазақстан территориясында лаңкестік ұйым құрғаны және басқаруы жайлы мәліметі шындыққа жанаспайды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Еске салайық, Қырғызстан астанасындағы арнайы операция 16 шілдеде кешкі уақытта болды. Қырғызстан республикасы МҰҚК мәліметінше, арнайы операция кезінде лаңкес болуы мүмкін делінген төрт күдіктінің көзі жойылды, лаңкестік топтың тағы жеті мүшесі ұсталды. Қырғызстан ведомствосының мәліметінше, лаңкестік ұйымға Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары мүше болған және оларды 27 жастағы қазақстандық Жанболат Амиров басқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети