ҰҚК Нидерландыдан Алматыға контрабандалық есірткі жеткізгендерді ұстады

14 Қараша, 11:45
0
ҰҚК Нидерландыдан Алматыға контрабандалық есірткі жеткізгендерді ұстады - © knb.gov.kz
© knb.gov.kz

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының аумағында өткізу мақсатында Қазақстан Республикасына Еуроодақ елдерінен пошталық жөнелтілімдер арқылы синтетикалық есірткі жеткізудің контрабандалық арнасын ұйымдастырған есірткі тобы әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2019 жылғы 6 қарашада пошта бөлімшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 968 психотроптық таблетка алумен Қазақстан Республикасына Германия арқылы Нидерландыдан контрабандалық есірткі жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны "К" және "Д" ұсталды. Ұсталған "К"-ның тұрғылықты жері бойынша шамамен 1.5 келі "гашиш" есірткі құралы мен 30 грамм мефедрон алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды", - делінген хабарламада. 

Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу Интернет-дүкен арқылы жүзеге асырылған.

"Осы факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-б. бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адамдар Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, сотқа дейінгі тергеу жалғасады", - делінген хабарламада. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай