Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

ҰҚК "Серік-головадан" қару-жарақ арсеналын тәркіледі 05 ақпан 2020, 17:42

Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Серік-голова" лақапатымен танылған қылмыс әлемінің серкесі Серік Жаманаевтан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Серік-голова" лақапатымен танылған қылмыс әлемінің серкесі Серік Жаманаевтан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Тінту барысында екі Калашников автоматы, алты тапанша, екі РГД-5 гранатасы, шолақ мылтық, төрт аңшылық қару, суық қару (төрт кинжал) және брон кеудешесі тәркіленді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, 21,5 мың доллар, 6,3 миллион теңге және ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері жәбірленушілерден тартып алынған заттар тәркіленген. 

Осыған дейін 2020 жылы 1 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақапаты - "Серік-голова") жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кескені туралы хабарланды.

Серік Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамалды.


Join Telegram