27 наурыз 2015 13:20

ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов сот шешіміне қарсылық келтіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Жоламанов сот отырысы кезінде. ©Tengrinews.kz Нұрлан Жоламанов сот отырысы кезінде. ©Tengrinews.kz

ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов сот шешіміне қарсылық келтіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотталған генералдың адвокаттарының біріне сілтеме жасап.


ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов сот шешіміне қарсылық келтіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотталған генералдың адвокаттарының біріне сілтеме жасап.

Нұрлан Жоламановтың адвокаты Мағауия Елемесовтің айтуынша, сотталушы мен оның үш адвокатының атынан республикалық әскери соттың апелляциялық алқасына шағым жіберілді. 

"Әрбір инстанция үкімді өзгертіп, шешім шығара алады. Күтеміз", - деді қорғаушылардың бірі Мағауия Елемесов "Жоламанов пен оның қорғаушылары бірінші истанцияның үкімін өзгертуге сеніп отыр ма?" деген сұраққа жауап беру кезінде. 

Адвокаттың айтуынша, оның әріптестері мен Нұрлан Жоламанов қазіргі уақытта сот отырысының хаттамасын зертеп жатыр.

Еске сала кетейік, осы жылдың 6 наурызында Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Жоламановты пара алу және ұйымдасқан қылмыстық топ құру бойынша айыпты деп тапқан болатын. Оған мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырумен бірге қатаң режимдегі колонияға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети