Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Украинада "Ислам мемлекетімен" байланысы бар деген күдікпен қазақстандық ұсталды

05 Маусым 2015, 15:20
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Украинада "Ислам мемлекетімен" байланысы бар деген күдікпен қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы қызмет мәліметінше, елде 5 адам ұсталды - оның ішінде біреуі қазақстандық, екеуі ресейлік, бірі Тәжікстан және бірі Өзбекстан азаматы. Операция "Ислам мемлекеті" содырларының Украина және Түркия арқылы Сирия мен Иракқа өтетін арналарын анықтап, жолы кесуге арналған. Асудан өту пункті 3 маусымда табылды. Ұсталған үш азаматтың Украинада болу мерзімі қысқартылды, тағы екеуіне қатысты оларды отанына экстрадициялау туралы шешім шығарылды.

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Содырларға қарсы Сирия, Ирак және АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күресіп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай