30 маусым 2016 11:38

Үндістан құрамасының атлеттерін Алматыда белгісіз біреулер тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© everydayme.ru © everydayme.ru

Үндістан құрамасының атлеттерін Алматыда белгісіз біреулер тонап кеткен. Спортшылардың бірінің дүкенге кіреберістегі сақтау камерасына қойып кеткен сөмкесі жоғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полициядағылар мен дүкендегілер бұл деректі растады.


Үндістан құрамасының атлеттерін Алматыда белгісіз біреулер тонап кеткен. Спортшылардың бірінің дүкенге кіреберістегі сақтау камерасына қойып кеткен сөмкесі жоғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полициядағылар мен дүкендегілер бұл деректі растады.

Interfood дүкенінің басқарушы директорының айтуынша, оқиға болған дүкеннің әкімшілігі бұл дерек бойынша видеожазбаны тексеріп, істі қарап жатыр. Оқиғаның мән-жайын қаладағы спорт клубы өкілдерінің бірі Елена Чичибабина айтып берді. Ол осы оқиғаның куәгері болған.

"Спортшылар ыңғайсыз жағдайға тап болды. Біреулер олардың дүкеннің сақтау камерасынан сөмкесін ұрлап кетті. Оның ішінде сіздер ойлап отырғандай бағалы зат жоқ, бірақ онда алдағы демалыста өтетін жарысқа киетін спорт киімі болған. Өкінішке қарай, дүкеннің қызметкерлері мен күзеттегілер ағылшынша түсінбейді екен. Олар болса барынша түсіндірмекші болды. Содан ол мені көріп қалып, аударып беруімді сұрады. Күзетшілермен он минуттан аса сөйлескеннен соң, біз сақтау камерасындағы ұяшықтарды кез келген кілтпен ашуға болатынын түсіндік", - дейді әйел. 

Оның айтуынша, видеожазбада адамның жартылай ғана басы мен арқасы көрініп тұр. "Видеодан біз ер адамды әрең көрдік. Ол шолақ шалбар мен қара жейде киген. Бізге спортшылар сөмкені бір жасөспірімнің алып кеткенін айтты", - деді ол.

Айта кетейік, Үндістанның жеңіл атлетика құрамасы мен Елена Чичибабина полицейлерге бұл оқиға жайлы хабарлады. "Хабарлама түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция барды, бұл оқиға "Променад" сауда үйінде болған. Алайда оқиға орнында шағым түсірушілер де, әйел де болмаған. Бірақ бірнеше уақыт өткен соң Үндістан құрамасының бапкері қоңырау шалған. Ол орыс тілін жақсы меңгерген екен. Содан ол спортшылардың "Қазақстан" қонақүйінде екенін және онда арнайы топтың барғанын айтты. Спортшылардың бапкері шағым түсірді, ол дерек сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. Сонымен қатар, "Бөтен мүлікті иеленіп алу" бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дүкеннің және сауда үйінің видеобақылау камералары зерттеліп, күдіктіні ұстау үшін қажетті шараларды қолданамыз", - деді Алматы қаласының ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети