Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ұрланған заттар сатылатын орындардың картасы жасалады

14 Қазан 2014, 15:46
0
©ukrali.kz
©ukrali.kz

Алматы тұрғыны ұрланған заттар сатылатын орындарға арналған сайт жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. www.ukrali.kz порталында екі орын көрсетілген: "Көкбазар" мен "Тастақ" базарының маңы. Сайттың мәліметінше, бұл жерлерден ұрланған велосипедтер мен ұялы телефондарды сатып алуға болады. 

Қара базарларды белгілеуге арналған сайтты жасаушы Руслан Мұрзин картаға "Тастақ" базарын өзі қосқан. "Өзім барып қарадым, велосипед іздедім. Интернетте адамдар бұл жерде ұрланған велосипедтің сатылуы әбден мүмкін екенін жазып жатады", - дейді ол. Оның айтуынша, сайтқа ұрланған заттар сатылатын жаңа орындарды қолданушылар да қоса алады. 

Сонымен бірге, сайтқа ұрланған ұялы телефон, велосипед не құжат туралы ақпараттар мен олардың фотосуреттерін орналастыруға болады. Сайт авторының айтуынша, қолданушылардың сұранысына қарай мұнда жаңа айдарлар да пайда болып отырады.

Порталды жасаудағы негізгі мақсат - ұрыларға қолды қылған заттарын сатуды қиындату. Мұрзиннің айтуынша, бүгінде ұрлық қылмыстары жақсы ашыла бермейді, сол себепті ол ұрылардан жапа шеккендерге көмектесуді ойлайды. "Өзім, мысалы, полиция шақыртқан кезде, олармен бірге жүрдім, олар айтты, егер дәл қазір таппасақ, кейін сіздің велосипедіңізді табу ықтималдығы 0,5 пайыз болады деді", - дейді Мұрзин. Сайт авторы келешекте велосипедтердің сериялық нөмірлері бар мәліметтер базасын жасағалы отыр, сөйтіп, екі дөңгелекті көлік ұрлығының жолын кеспекші.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай