Үсеновке көлік жүргізгені үшін айыппұл салынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото auto.lafa.kz сайтынан алынды Фото auto.lafa.kz сайтынан алынды

БАҚ беттерінде жарияланған даулы суретті Алматы қаласының полицейлері тексеріп, ол азаматтың Мақсат Үсенов екенін анықтады. Нәтижесінде оған 18520 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты auto.lafa.kz  интернет-порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

БАҚ беттерінде жарияланған даулы суретті Алматы қаласының полицейлері тексеріп, ол азаматтың Мақсат Үсенов екенін анықтады. Нәтижесінде оған 18520 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты auto.lafa.kz  интернет-порталына сілтеме жасап.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері Мақсат Үсеновтің "Мерседес" маркалы автокөлікті жүргізгенін жоққа шығара алмады. Оның өзі де дәл сол кезде танысының көлігін паркингтен шығаруға көмектескенін айтқан еді. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңның 470-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралдарын басқаруы) бойынша Мақсат Үсенов әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Сонымен қатар, Алматы қалалық ІІД осы жайды назарға ұсынған азаматқа қоғамдық тәртіпті сақтау мен қаладағы жол қауіпсіздігіне алаңдаған азаматтық позициясы үшін алғыс білдірді.  

Естеріңізге саламыз, 2013 жылы Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 маркалы көлігімен алты адамды қағып, оқиға болған жерден қашып кеткен болатын.  Зардап шеккендердің бірі артынша қайтыс болған еді. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тараптардың келісімімен іс қысқартылған болатын. 2014 жылдың 4 ақпанында соттың шешімімен Мақсат Үсенов 45 тәулікке қамалды. Сонымен қатар, ол екі жыл көлік жүргізу құқығынан айрылды. Кейіннен сот тағы да екі жыл көлік жүргізу құқығынан айырып, Мақсат Үсеновке 4 жылға көлік басқаруға тиым салынған еді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.59  course down  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer