Үш баланың анасын өлтірген атыраулық 11 жылға сотталды

09 Қаңтар 2017, 19:29
0
Үш баланың анасын өлтірген атыраулық 11 жылға сотталды - Ольга Зверева балаларымен
Ольга Зверева балаларымен

Атырауда Ольга Звереваның өлімі бойынша күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Айта кетейік, ол - қайтыс болған әйелдің бұрынғы күйеуі. Осы қылмысты жасағаннан кейін ол өзіне қол жұмсамақшы болған, алайда бұл оның қолынан келмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. 

"Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Ол 11 жылға сотталды. Апелляцияға береміз бе, жоқ па, оны жәбірленушімен бірге шешетін боламыз", - деді үлкен қызының адвокаты Жайдар Рушанов. 

Қайтыс болған әйелдің қызы Наталья Зверева сот үкімімен келіспейді. Ол адвокатымен бірге сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал тараптарды қатар тыңдау кезінде прокурор сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

Қыздың айтуынша, ер адам бұрыннан бірде пәтерін сұрап, бірде ақша беруін талап етіп жүрген. Наталья Звереваның айтуынша, анасының табысы жақсы болған. Ал бұрынғы күйеуі айырылысқаннан кейін мүліктердің жартысын қайтарып алғысы келіпті.

Ерлі-зайыпты осы қайғылы оқиғадан екі жыл бұрын ажырасқан. Сонда балалар анасының қолында қалған. Екеуінің ұлы 7 жаста, ал қызы 4-те.

"Ол қалалық әкімдікке балаларыммен көрісуге рұқсат бермейді деп арыз жазған. Негізінде ол өзі іздеп бірде-бір рет келмеген, алимент дегенді төлеп көрмеген. Сот процессі екі жылға созылды. Редакцияларыңызға ертерек хабарласпағаныма өкінемін, мүмкін мына қасіреттің алдын алуға болар ма еді", - дейді ол.

Натальяның айтуынша, сотталушы тек сот үкімі шыққан кезде ғана осындай әрекетке барғанына өкінетінін айтқан. Өз кінәсін тек ішінара мойындайды. 

Еске салайық, биыл шілдеде Ольга Звереваның күйеуі балабақшаға келіп, оған 14 рет пышақ салған, осыдан кейін ол өзінің ішіне пышақ ұрған, алайда аман қалған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай