21 қазан 2016 15:22

Үш ер адам шымкенттік кәсіпкердің ақшасына теракт ұйымдастырмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТВК телеарнасынан алынған кадр ТВК телеарнасынан алынған кадр

Шымкентте терроризм жасады делінген күдіктілер сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Бүгін осы іске қатысты басты сот отырысы басталды. 


Шымкентте терроризм жасады делінген күдіктілер сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Бүгін осы іске қатысты басты сот отырысы басталды. 

Сотқа тартылған үш ер адамға ҚР Қылмыстық Кодексінің төрт бабы бойынша айып тағылып отыр - "Қарақшылық",  "Терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны", "Террористік топ құрғаны, оған басшылық еткені және оның әрекетіне қатысқаны" және "Қылмысты жасыру".

Үш ер адам - Қарағандының тумалары. Александр Кривоносов пен Самат Жолдыбаев қарақшылық пен террористік топ құрып, оған басшылық еткені үшін айыпталса, үшінші сотталушы Асиф Токаревқа Терроризмді насихаттағаны және қылмысты жасырғаны үшін айып тағылып отыр.

Олардың барлығы Шымкенттен Байділдаев есімді адамның тапсырмасымен келген екен. Іс материалдарына қарағанда, ол адамның елімізде тыйым салынған экстремистік топтың бірімен байланысы бар.

Сотталушылар оның тапсырысымен шымкенттік кәсіпкердің соңынан андып, оны тонап, теракт ұйымдастырмақшы болған. Олар биыл маусым айында ұсталды. Сот отырысы жабық тәртіпте өтеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети