06 наурыз 2015 17:18

Виктория Ганяны өлтіргені үшін сотталған адам өз денесін органға мұқтаждарға бермек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Сергей Миронов/kstnews.kz ©Сергей Миронов/kstnews.kz

Жеті жасар Виктория Ганяны өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Денис Лесников өзінің соңғы сөзінде органдарын "мұқтаж жандарға немесе ғылыми-зерттеу институтына" өсиет етіп қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкім шығарылғаннан кейін болған брифинг барысында Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлік Сералин айтты. Еске салайық, Виктория Ганя өткен жылы 24 сәуір күні қайтыс болды. Елді дүрліктірген қылмысты ашу ДНК сараптамасының арқасында мүмкін болды. 


Жеті жасар Виктория Ганяны өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Денис Лесников өзінің соңғы сөзінде органдарын "мұқтаж жандарға немесе ғылыми-зерттеу институтына" өсиет етіп қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкім шығарылғаннан кейін болған брифинг барысында Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлік Сералин айтты. Еске салайық, Виктория Ганя өткен жылы 24 сәуір күні қайтыс болды. Елді дүрліктірген қылмысты ашу ДНК сараптамасының арқасында мүмкін болды. 

Үкімді жария ету кезінде Лесников судья мен құқық қорғау органдарын балағаттады. Ол сотты "тергеудің жетегінде жүрді" деп айыптады. Сералин бұл сөзге жауап қатпады. Ол сотталушы өзінің соңғы сөзінде Виктория Ганяны өлтіргені үшін өкінгенін айтты. "Ол соңғы сөзін айтты. Өкініш білдіремін деді. Өзінің денесі мен органдарын мұқтаж адамдарға немесе ғылыми-зерттеу институтына қалдыратынын айтты", - деді судья. Лесников өз кінәсін мойындаған. Виктория Ганя құрбыларын тастап, оған өз еркімен еріпті. Балалар шаян аулап жүргенде, ер адам оған "шаяны көп жерді" көрсетуге уәде берген. Судьяның айтуынша, Лесниковқа кісі өлтірді деген күдік келе бастаған уақытта балалар оның сол адам екенін тани алмады. Балалар өз жауаптарында шатасып, қылмыскерді есінде дұрыс сақтай алмаған болып шықты. 

Судья істің мән-жайы туралы толығырақ айтты. Лесников бұған қоса, тағы екі әйел мен кәмелетке толмаған Қымбат Мұқатованы өлтіргені үшін және төрт скутерді ұрлағаны үшін де сотталды. Судьяның нақтылауынша, ұрлықтың соңғы эпизоды бойынша жәбірленуші Лесниковке кешірім берді. Ол соңғы рет 24 сәуірде скутер ұрлаған, бұл - Виктория Ганяның өлімінен кейін болған оқиға, ол скутермен Рудныйдан Қостанайға кеткен. 29 сәуірде жергілікті судья оның бұрынғы қылмыстары үшін бостандығын шектеу жазасын бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Сөйтіп, Лесников қылмыскерді іздеу кезінде қамауда болды. Құқық қорғау органдары генотиптің ескі үлгілерін тексеруді ұйғарғаннан кейін барып, қылмысқа Лесниковтың қатысы бар екенін көрсетті. Лесниковтың генотипі сарапшылардың қолында 2010 жылдан бері болған, ол кезде ер адам "Волна" кафесі маңында өлтірілген қызға қатысты тексерілген. "Лесников бәрін көрген кезде оған Ганяның өлімі үшін келіп тұрғанын түсінді. Ол ісін мойындап, істің барлық мән-жайын айтып берді. Негізгі сот отырысы барысында да ол өз кінәсін мойындады", - деді Сералин. 

Судья Виктория Ганяның ұрланғаны түсірілген видео жөнінде де түсініктеме берді. Онда жүрісі біртүрлі ер адам көрінеді. "Ол ақсамайды, ол түзу жүреді. Бірақ бұл - оның өзіне тән жүрісі. Тергеу сынағы жүргізілді, бірақ бірегейлігін анықтау жөніндегі сараптамаға жіберілмеді", - деді судья. Сералиннің айтуынша, сот-психиатриялық сараптамасы да жүргізілді. Лесников ақыл-есі дұрыс деп танылды, бірақ ақыл-ой дамуының сәл артта қалуы, зорлауға, кісі өлтіруге, өтірік айтуға бейімділігі анықталды.

Сералин жасөспірім Мұқатованың өлімі дерегі бойынша Лесниковқа 2012 жылы-ақ күдік келтірілгенін айтты. Ол қызды өлтіргеннен кейін оның ұялы телефонын алып кеткен. Оған өзінің SIM-картасын салады. Кейін оны полиция ірі шенеуніктің телефоны ұрланды деген себеппен полицияға шақырылады. Бірақ Лесников қылмыстық жауапкершілікке тартылмады - дене де, телефон да болмады, телефонды ер адам сындырып, өртеп жіберген. Судья сотталушының отбасы туралы да айтты. Лесниковтың екі баласы - үш және бес жасар ұлы мен қызы бар. Қорғау тарапы айыпталушының балалары бар екенін жазаны жұмсарту жағдайы ретінде қарастырғысы келді. Бірақ судья бұл дәйекті қабылдамады. 

Қазір, судьяның айтуынша, жәбірленушілердің талап арызын қамтамасыз ету үшін сотталушының пәтеріне тыйым салынған. Айыпталушының әйелі сотта куәлік етуден бас тартты. Лесниковтың өзі, соттың мәліметінше, ажырасуға арыз берген. 

Виктория Ганя Рудный қаласында сәуір айының аяғында ұрланған еді. Бір айдан кейін оның зорлық белгілері бар мәйіті қала сыртынан табылды. Кейін полиция оның өліміне күдікті 19 жастағы мүгедек Владимир Пыжов екенін хабарлады. Ол 18 шілдеде тұтқындалды. Сол кезде прокуратура өкілдері оның өз кінәсін мойындағанын мәлімдеді. Бұдан кейін оның өзіне назар аударғысы келгені анықталды. Ал 2014 жылдың қазан айында 31 жастағы жаңа күдіктінің ұсталғаны хабарланды. Бастапқы кезде ол тонау бойынша айыпталса, кейін ол Виктория Ганяны өлтіргенін айтқан. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети