Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Виктория Ганяның өліміне қатысты үкімге түскен шағым сотта қаралады

28 Сәуір 2015, 12:15
0
Денис Лесников. © hordelo.kz
Денис Лесников. © hordelo.kz

Қостанай облыстық соты 7 жастағы Виктория Ганяны өлтірді деп айыпталған Денис Лесниковқа қатысты үкімге түскен шағымды қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"12 мамырда Қостанай облыстық сотында 1983 жылы туылған Лесников пен оның адвокатының шағымы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында қаралады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жазасын жеңілдетіп, өмірлік бас бостандығынан айыруды нақты мерзімге ауыстыруды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, Виктория Ганя 2014 жылы көктемде қаза тапқан болатын.

Лесников 2014 жылы шілдеде ұсталды. Тергеу барысында оның 2011 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта бес рет ұрлық жасағаны, екі рет кәмелетке толмағандарды зорлағаны, кәмелетке толмағандарды ұрлап, төрт рет адам өлтіргені анықталды. Виктория Ганядан бөлек ол тағы бір кәмелетке толмаған қыз бен екі ересек әйелдің өліміне кінәлі деп танылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Лесников әділеттіліктен қашып, скутер ұрлағаны сынды ұсақ қылмыстарын мойындап, түрмеде тығылған. Сот оның бас бостандығын өмір бойғыға айыру туралы шешімді 6 наурызда тағайындады.

Еске сала кетейік, Виктория Ганя Рудный қаласында сәуір айының аяғында жоғалып кеткен еді. Бір айдан кейін оның зорлық белгілері бар өлі денесі қала сыртынан табылды. Кейін полиция оның өліміне күдікті 19 жастағы мүгедек Владимир Пыжов екенін хабарлады. Ол 18 шілдеде тұтқындалды. Сол кезде прокуратура өкілдері оның кінәсін мойындағанын мәлімдеді. Кейін прокуратура қыздың өліміне басқа бір адамның күдікті екенін мәлімдеді. Бастапқыда ол ұрлық жасады деп айыпталған, кейін жеті жастағы Виктория Ганяны өлтіргенін айтқан.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай