30 қыркүйек 2019 13:14

Зорлау ісі бойынша сотталып шыққан ер адам Ақсуда қызын қорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зорлау ісі бойынша сотталып шыққан ер адам Павлодар облысында кәмелетке толмаған қызын қорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Зорлау ісі бойынша сотталып шыққан ер адам Павлодар облысында кәмелетке толмаған қызын қорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға Павлодар облысының Ақсу қаласының маңында 27 қыркүйекте т.нгі 23:00 шамасында болған. "35 жастағы Ақсу тұрғыны кәмелетке толмаған 2004 жылғы қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған", - делінген полиция хабарламасында. 

Оқиға туралы қыздың өзі полицияға хабарлаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция мәліметінше, күдікті бұрындары да осы тектес қылмыс үшін сотты болған. 

"Ер адам 2008 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сотталған. Ол ересек қызды зорлаған. Сот оны сегіз жы алты айға бас бостандығынан айырған. Жазасын өтеген ер адам бостандыққа шыққан соң тура жолға түспей, туған қызын қорлаған", - деді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Осы дерекке қатысты тергеу шаралары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети