29 шілде 2019 12:50

Алексей Луценко "Тур де Франс" көпкүндігінде үздіктер қатарынан көрінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cycling.kz © cycling.kz

2019 жылғы "Тур де Франс" көпкүндігі дәстүр бойынша Елисей алаңында аяқталды. Финалдық кезеңде аустралиялық Калеб Юан жеңіске жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Астана" командасы сапында велокөпкүндікте екі спортшы жеңіс тұғырынан көрінді. Пельо Бильбао мен Алексей Луценко үздіктер қатарына енген болатын. Қазақстан чемпионы Луценко жалпы есепте 19-шы орынға тұрақтады.

"Команда көшбасшысы Якоб Фульсанг жарыстан шығып қалса да, "Тур де Франс" додасында соңына дейін беріскен жоқпыз. Әрине, біз жалпы есепте жақсы нәтижеден үмітті болдық. Бірақ бұл велоспорт. Шабуылдауға берілген кез келген мүмкіндік пайдаландық. Алексей Луценко ТОП-20 қатарына енгені де жаман көрсеткіш емес. Бұл жолы біз үлкен сабақ алдық. Енді келесі жарыстарға дайындаламыз", - дейді "Астана" командасының спорттық менеджері Дмитрий Фофонов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети