30 қыркүйек 2017 10:45

"Алматы туры - 2017" веложарысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Алматы туры" бесінші халықаралық веложарысы басталды. Веложарыс биыл екі күнге созылып, екі кезең бойынша өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматыда "Алматы туры" бесінші халықаралық веложарысы басталды. Веложарыс биыл екі күнге созылып, екі кезең бойынша өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін халықаралық жарыс "кретериум" жүйесінде өтіп келді. Бұл жүйе бойынша қатысушылар айналма жол арқылы сынға түсетін. Ал биыл велошабандоздар сөреден мәреге дейінгі қашықтықты басып өтеді. Жарыстың бірінші кезеңі 30 қыркүйек күні Астана алаңының маңында, Қазақ-Британ техникалық университеті аумағынан бастау алады. "Қалалық айналым" Төле би, Фурманов, Сәтбаев, Байзақов көшелерін, Абай даңғылын және Желтоқсан көшесін қамтиды. Мәре "Алматы Арена" аумағында болады.

Жарыстың екінші кезеңі 1 қазан күні "Халық Арена" маңынан басталып, велошабандоздар "Шығыс айналма жолы - Әл-Фараби" шеңберімен жүреді. Ал финалдық бөлігі Тұңғыш Президент саябағынан "Медеу" мұз айдынына дейін жалғасып, жеңімпаздар сонда анықталады.

Алматы туры жарысын "QazSport" арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Сондай-ақ 1 азан күні "Евроспорт" арнасы да жарыстың бірінші күніндегі ең үздік сәттер мен екінші кезеңді көрсететін болады.


© Владимир Дмитриев

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети