05 қазан 2014 13:53

"Алматы Турында" қазақстандық спортшы топ жарады деп үміттенем - Винокуров

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Винокуров. ©sk.kz Александр Винокуров. ©sk.kz

"Астана" клубының бас менеджері Александр Винокуров "Алматы Туры" бейгесінде қазақстандық спортшы топ жарады деп үміттенеді. Бұл туралы ол Vesti.kz тілшісіне айтып берді. Оның айтуына қарағанда, бұл шара қазақстандық спортшылар үшін жарнама болады. Сондай-ақ Олимпиада ойындарының чемпионы қазақстандық спортшылардың "Алматы Турына" тыңғылықты дайындалғанын айтты. 


"Астана" клубының бас менеджері Александр Винокуров "Алматы Туры" бейгесінде қазақстандық спортшы топ жарады деп үміттенеді. Бұл туралы ол Vesti.kz тілшісіне айтып берді. Оның айтуына қарағанда, бұл шара қазақстандық спортшылар үшін жарнама болады. Сондай-ақ Олимпиада ойындарының чемпионы қазақстандық спортшылардың "Алматы Турына" тыңғылықты дайындалғанын айтты. 

Оның айтуына қарағанда, бәйгеде кім топ жаратынын уақытынан бұрын айту қиын. ""Астана" немесе Қазақстан құрамасы спортшыларының бірі жеңіске жетеді дегенге сеніммен қараймын", - дейді ол. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, қала әкімі Ахметжан Есімов барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. "Өткен жылы біз Қазақстан тарихында тұңғыш рет "Алматы Туры" кәсіби веложарысын өткіздік. Ол жоғары деңгейде өтіп, Халықаралық велоспорт федерациясы 1.1 дейін берді. Бұл енді "Алматы Туры" бәйгесіне әлемге танымал кәсіпқой командаларды шақыртуға мүмкіндік береді", - дейді ол. Ал Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайтар Келімбетов бұл Қазақстан велоспортының 100 жылдығы қарсаңындағы айтулы шара екенін айтты. "1.1 деңгейіндегі халықаралық веложарысты ұйымдастыру Қазақстанда күннен-күнге дамып келе жатқан велоспорттың дамуына елеулі үлес қосады", - дейді ол.

Айта кетейік, Халықаралық велоспортшылар одағы (UCI) тас жолдары коммисиясының президенті Том Ван Дамм да "Алматы Туры" өте жоғары деңгейде өтіп жатқанын айта кетті. "Қазақстан бүгінгі таңда велоспорты қарқынды дамып келе жатқан державалардың қатарында. Мен ұйымдастырушыларға ерекше алғыс айтқым келеді. Олар жарысты өте жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Кәсіпқой велоспортшылар үшін велоспорт дамыған елдерде ғана өнер көрсету аздық етеді, олар бұл спорт енді дамып келе жатқан елдерде де өнер көрсетуі керек. Велоспорттың географиясын кеңейту керек. Қазақстан велоспорт географиясын кеңейту барысында алдыңғы қатарлы елдердің ішінде", - дейді ол. 

"Алматы Туры" велобәйгесіне қатысушылар бәйгені бүгін сағат 11.00-де "Нұрлы тау" бизнес орталығынан бастады. Жалпы "Алматы Туры" жарысында велоспортшылары 31 шақырымнан тұратын алты айналымды басып өтеді. Бұл шараның басты демеушілері Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан велоспорт федерациясы. Бәйгені тікелей эфирде "Алматы", Kazsport және Eurosport арналары көрсетіп жатыр. Веложарыс өтіп жатқандықтан 06.00 мен 16.00 аралығында Алматыда Шығыс айналма жолы мен Әл-Фараби даңғылындағы жолдар жабылады. "Алматы Туры" бәйгесіне әлемге танымал 20 команда қатысып жатыр. Олардың қатарында Astana Pro Team, Katusha, Giant-Shimano, Movistar, Omega Pharma - Quick-Step секілді әлемге танымал ұжымдармен Bardiane Valvole, CCC Polsat и Synergy Baku Cycling Project сынды жарысқа былтыр да қатысқан командалар бар. Бәйгенің басты қонағы Тур де Франс-2014" көпкүндігінің жеңімпазы Винченцо Нибали болды.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети