04 қазан 2015 16:24

"Астана" клубының велошабандозы Алексей Луценко "Алматы турында" топ жарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Луценко. © Khabar.kz Алексей Луценко. © Khabar.kz

Велоспорттан үшінші рет ұйымдастырылған "Алматы туры" халықаралық додасы мәресіне жетті. 186 шақырымға созылған жарыста "Астана" клубының велошабандозы Алексей Луценко топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Алексей Луценко екінші жыл қатарынан жеңіс тұғырын бағындырып отыр. Отандасымыз өткен жылы да алдына жан салмаған болатын. 2015 жылғы доданың екінші орны да "Астана" клубының велошабандозына бұйырды. Жарыстың басты фавориті саналған Фабио Ару мәре сызығын екінші болып кесті. Үштікті ресейлік "Катюша" клубының спортшысы Павел Кочетков қорытындылады. 

Жарыс жеңімпаздарын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев, "Астана" велоклубының президенті Александр Винакуров құттықтап, марапаттады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети