01 қазан 2017 14:29

"Астаналық" Фульсанг "Алматы туры - 2017" екінші кезеңінде жеңіске жетті, ал Луценко бас классификация жеңімпазы!

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Дмитриев © Владимир Дмитриев

"Астана" командасының дат велошабандозы Якоб Фульсанг "Алматы туры - 2017" қоскүндік екінші кезеңінде жеңіске жетті, ал осы команданың капитаны Алексей Луценко бас классификация жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шабандоздар "Халық Аренадан" бастау алды. Ары қарай шығыс айналма жолмен - әл-Фарабимен айналды (Құлжа трассасы мен Тұңғыш Президенті паркіне дейін). Спортшылар жарыстың соңы - финалдық спринт Тұңғыш Президент саябағынан бастап "Медеу" спорт кешеніне дейін (Достық даңғылымен) жүріп өтті.

Осы финалдық бөлікте Фульсанг шабуылдап, жеңіске жетті. Екінші болып, "Астана" капитаны қазақстандық Алексей Луценко командаласынан 12 секундқа қалып келді, осылайша ол "Алматы туры-2017" жеңімпазы атанды. Үшінші болып мәре сызығын швейцариялық Колин Крис Стусси кесті.

Сондай-ақ, Луценко "Алматы туры" үздік қазақстандық велошабандозы және үздік спринтер жейделерін жеңіп алды, ал таулық есепте ұлыбританиялық Рори Таунсенд жеңімпаз болды.

"Алматы турының - 2017" веложарысының бірінші кезеңінде қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жеңімпаз атанған еді. "Алматы турының" жылдағы жүлде қоры - 39 900 еуро. Жарыс жеңімпазы 15 000 еуро алатын болады.

Айта кетейік, Алексей Луценко "Алматы туры" жарысының үш дүркін жеңімпазы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети