27 мамыр 2014 13:36

Азия чемпионатында велотректен сегіз жүлде алдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте – велотректен екі дүркін Азия чемпионы Екатерина Юрайтис. Фото: ҚР велоспорт федерациясынан Суретте – велотректен екі дүркін Азия чемпионы Екатерина Юрайтис. Фото: ҚР велоспорт федерациясынан

Астанадағы сәулетті "Сарыарқа" спорт сарайында велотректен Азия чемпионаты мәресіне жетіп, Қазақстан велошабандоздары сегіз медаль (төрт алтын, үш күміс, бір қола) еншіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанадағы сәулетті "Сарыарқа" спорт сарайында велотректен Азия чемпионаты мәресіне жетіп, Қазақстан велошабандоздары сегіз медаль (төрт алтын, үш күміс, бір қола) еншіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Азия чемпионатының бесінші күні, яғни велотрек бәйгелерінің соңғы күні Қазақстан велошабандоздары үшін өте сәтті өтті. Велоспортшыларымыз бір күнде төрт жүлде (оның екеуі алтын) олжалап, бапкерлерін де, жанкүйерлерін де қуантты.

Кеше таңертеңгі бәйгелерден екі жүлдеге қол жеткізгенімізді жазғанбыз. Әуелі жасөспірімдер арасындағы 4000 метрлік командалық ізге түсу жарысында Қазақстан құрамасының қыздары (Екатерина Юрайтис, Надежда Женелева, Фаина Потапова және Светлана Рябова) бірінші орынға ие болып, саф алтынды өңірлерінде жарқыратқан.

Одан кейін бозбалалар арасындағы тура осы бәйгеде Қазақстан құрамасының жігіттері (Асылхан Тұрар, Владислав Николаенко, Владимир Цой және Владислав Филипович) екінші орынға ие болып, күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Түстен кейін ел қоржынына тағы екі медаль түсті. Қыздар арасындағы ұпай жинап, жарысу бәйгесінде Надежда Женелева алдына жан салмай, Азия чемпионы атанды. Бозбалалар арасындағы тура осы бәйгеде Роман Васиенков екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды. Оның алдын тек Гонконг велошабандозы орап кетті.

Сөйтіп, Қазақстан велошабандоздары "Сарыарқа" велотрегінде өткен құрлық біріншілігінен сегіз медаль (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) олжалады. Осымен велотрекшілер арасындағы жарыстар толықтай аяқталды.

Енді Азия чемпионаты Астанадан Қарағандыға ойысып, тас жолдардағы (ашық аспан астындағы) бәйгелер басталады. Бүгін кешке Қарағандыдағы мұзайдын кешенінде командаларды таныстыру рәсімі өткізіледі. Ал ертең велошабандоздар сөреден жеке-жеке шығатын жарыс басталады.

Айтпақшы, "Сарыарқа" велотрегінде екі дүркін Азия чемпионы атанған Екатерина Юрайтисті 1989 жылы әлем чемпионы атанған қазақтың даңқты велошабандозы Марат Сатыбалдиевтің өзі марапаттады (суретте).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети