29 мамыр 2014 15:18

Азиялықтар тас жолдарда Қазақстан велоспортшыларына ілесе алар емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш дүркін Азия чемпионы – Екатерина Юрайтис. Фото: Елена Рябовол Үш дүркін Азия чемпионы – Екатерина Юрайтис. Фото: Елена Рябовол

Велоспорттан Қарағанды тас жолдарында өтіп жатқан Азия чемпионатында біздің велошабандоздар алдарына қара салар емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Велоспорттан Қарағанды тас жолдарында өтіп жатқан Азия чемпионатында біздің велошабандоздар алдарына қара салар емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше Қарағанды тас жолдарында өткізіле бастаған Азия чемпионатының ең алғашқы бәйгесінде күміс медаль еншілегенбіз. Жасөспірімдер арасындағы 30 шақырымдық жекелей сында Әлішер Жұмахан екінші орынға ие болған.

Одан кейін әйелдер арасындағы 30 шақырымдық жекелей сында (велошабандоздар жарыс жолына сөреден жеке-жеке жіберілетін бәйгеде) Маржан Байтілеуова 6-орынды қанағат тұтты.

Содан соң бойжеткендер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында айымыз оңынан туды. Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде екі дүркін Азия чемпионы атанған Екатерина Юрайтис Қарағандыда да алтынмен апталды. Тректе ғана емес, тас жолда да ел сенімін ақтауға жарап қалғандығын дәлелдеп, үшінші рет құрлық біріншілігінде теңдессіз шықты.

Кеше осылай, сарапқа салынған үш медаль жиынтығының екеуінде жүлдеге ілігіп, бір алтын, бір күміс еншілесек, бүгін одан да асып түстік. Нақтырақ айтқанда, бүгін сарапқа салынған екі медаль жиынтығының екеуінде де бас жүлдені біздің велошабандоздар жеңіп алды.

Әуелі ересектер арасындағы 45 шақырымдық жекелей сында Дмитрий Груздеев үздік шығып, Азия чемпионы атанды. Одан кейін 23 жасқа дейінгі жастар (андерлер) арасындағы 30 шақырымдық жекелей сында Виктор Окишев ең үздік нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды.

Сөйтіп жасөспірімдер мен ересектер арасындағы жекелей сын бәйгелері толықтай тамамдалды. Ертеңнен бастап тас жолдағы аламан бәйгелер басталады.

Әзірше Қазақстан қоржынында 12 медаль (7 алтын, 4 күміс, 1 қола) бар. Мұның төртеуін (3 алтын, 1 күміс) тас жолдардағы бәйгелерден алдық. Алда әлі аламан бәйгелер (барлығы бесеу) бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети