05 қараша 2019 16:46

Бельгия соты Александр Винокуровты ақтау үкімін шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бельгия соты "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ақтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бельгия соты "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ақтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қуанышымда шек жоқ, осы мәселеде сот жалғыз әділ шешімді шығарды. Тек алға қадам басамыз, жарқын болашаққа! Биыл сәтті маусымды өткіздік, алайда әлі алда талай жұмыс пен жоспар бар! Босаңсымаймыз!", - деп жазды Винокуров Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alexandr Vinokurov (@alexandrvinokurov)

Велоспорттан Олимпиада чемпионы қазақстандық спортшыға және ресейлік Александр Колобневқа алты жыл бас бостандығынан айырылу қаупі болған еді. 

Бельгия прокуратурасы Винокуровты 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж классикалық жарысында финиште қарсыласы берілуі үшін Колобневқа 150 мың еуро берді деген айып тағылған. Тергеу шаралары бірнеше жылға созылды. Күдіктілердің екеуі де өздеріне тағылған айыппен келіспей, ондай мүлде болмағанын алға тартты. 

Осылайша Бельгия соты Винокуров пен Колобневті дәйектердің болмауына байланысты ақтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети