05 қазан 2015 16:28

Жақсыбеков "Астана" велокомандасымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Бүгін Әділбек Жақсыбеков Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев және "Астана" велокомандасының өкілдері - олимпиада чемпионы, бас менеджер Александр Винокуров, велоспортшылар Фабио Ару мен Андрей Зейцпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ілшісі қалалық сайтқа сілтеме жасап.


Бүгін Әділбек Жақсыбеков Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев және "Астана" велокомандасының өкілдері - олимпиада чемпионы, бас менеджер Александр Винокуров, велоспортшылар Фабио Ару мен Андрей Зейцпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ілшісі қалалық сайтқа сілтеме жасап.

Елорда әкімі, бірінші кезекте, кеше, 4 қазанда өткен "Алматы Туры-2015" халықаралық кәсіби веложарыста қазақстандық Алексей Луценконың жеңісімен және "Ломбардия туры" атты классикалық италиялық веложарыстағы Винченцо Нибалиді жеңісімен құттықтады.

Жақсыбеков италиялық жас велошабандоз Фабио Аруды да ерекше атап өтті. Ол биылғы маусымда өткен екі Гранд Турдың құрмет тұғырына көтерілді, яғни, "Джиро д’Италия" веложарысының қорытындысы бойынша екінші орын жеңімпазы және испанның "Вуэльта" Гранд Турының жеңімпазы атанған.

"Бұл маусым сіздер үшін өте сәтті болды, сіздерді осы жеңістеріңізбен құттықтаймын. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. "Астана" велокомандасы еліміздің велоспортын насихаттаумен қатар, Астана қаласының брендіне де айналып жатыр - деді Астана әкімі. 

Кездесу барысында балалар мен жасөспірімдер арасында велоспортты дамыту мәселелері қарастырылып, елордада "Astana Cup" халықаралық веложарысын "Сарыарқа" велотрегінде өткізу мүмкіндігі туралы да ерекше сөз қозғалды. 

Фабио Ару Астана қаласының әкіміне велоспортты қолдағаны үшін алғысын білдіріп, испаниялық "Вуэльта" Гранд Тур жеңімпазының қызыл жейдесін табыстады. Александр Винокуров, өз кезегінде, Жақсыбековке "А. Винокуров: Олимпийский путь" кітабын сыйлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети