22 тамыз 2014 15:42

Жас велоспортшылар "Астана" клубымен "Вуэльтаға" барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Қазақстандық жас велоспортшылар Испанияға тәжірибе жинауға барады. Ол жақта балғын спортшылар "Вуэльта" көпкүндік бәйгесі барысында "Астана" велокомандасының мықты спортшыларымен бірге оқу-жаттығу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық жас велоспортшылар Испанияға тәжірибе жинауға барады. Ол жақта балғын спортшылар "Вуэльта" көпкүндік бәйгесі барысында "Астана" велокомандасының мықты спортшыларымен бірге оқу-жаттығу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өскеменде жастар және жасөспірімдер арасында турнир өтті. Турнир барысында көзге түскен спортшылар "Вуэльтаға" барады. Олар жаттығу жасап, велоспорттағы бәсі биік бәйгелердің бірі "Вуэльта" көпкүндігін жақыннан көруге мүмкіндік алады. Менің ойымша, біздің жас спортшыларымыз үшін бұл есте қаларлық әрі жігерлендіретін оқиға. Өзім бұрынғы велошабандозбын. Сондықтан балаларды бар ынтасымен спортпен айласу үшін қызығушылығын қалай арттыру керектігін білемін", - дейді Raimbek жобасының авторы әрі жетекшісі Райымбек Баталов. 

Испанияға Вадим Пронский, Евгений Гидич және Максим Сатликов сынды жас спортшылар барады. 12 және 16 қыркүйек аралығында олар "Астана" командасымен бірге тұратын болады, "Вуэльта" бәйгесінің ақтық кезеңдерін өз көздерімен көреді. Баталовтың айтуына қарағанда, бұл жоба бапкерлерге де қолдау көрсетеді. Себебі, ұлттық құрама сапындағы мықты спортшылардың орнын басу үшін жүйелі жұмыс істеу керек - сондықтан да жас мамандарға арнайы кәсіби сабақ ұйымдастырып тұрады. Ол сондай-ақ бұл жоба тек велоспортпен ғана шектелмейтінін айтты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети