05 қазан 2014 19:44

Жеңісімді балама арнаймын - Алексей Луценко

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Луценко.  Vesti.kz© Алексей Луценко. Vesti.kz©

"Алматы Туры - 2014" веложарысының жеңімпазы Алексей Луценко Vesti.kz порталының тілшісіне берген шағын сұхбатында жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті.


"Алматы Туры - 2014" веложарысының жеңімпазы Алексей Луценко Vesti.kz порталының тілшісіне берген шағын сұхбатында жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті.

Алексей Луценко бәйге барысында бүкіл команда көмектескенін ерекше атап өтті. "Менің жеңіске жетуіме командалас әріптестерімнің еңбегі зор. Сондықтан оларға алғысымды білдіргім келеді. Жарыс барысында маған бүкіл команда көмектесті. Тіпті "Тур де Франс" көпкүндік веложарысының жеңімпазы Винченцо Нибалидің өзі ештеңеге қарамастан соңғы финалдық биіктікті бағындыруыма күш салды. Мәреге екі шақырым қалғанда "Катюша" командасының велошабандозымен бірге сытылып алға шықтым. Нәтижесінде мәреге бірінші болып жеттім", - дейді Алексей Луценко.

Сондай-ақ жеңімпаз жанкүйерлерге ерекше алғысын айтып, бұл жеңісін өзінің тоғыз айлық баласына арнайтынын айтты. "Бүгін жанкүйерлер біздің команданы керемет қолдап тұрды. Бұл әрине, спортшыға серпін беретін дүние. Сол үшін де жанкүйерлерге деген алғысым шексіз. Ал жалпы жеңісімді тоғыз айлық ұлыма арнаймын", - дейді ол.

Петропавл қаласының тумасы енді туған жеріне демалуға баратынын, отбасын сағынғандығын қоса кетті. "Ертең үйге қайтам. Ал алдағы жоспарым жайында дөп басып әзірге ештеңе айта алмаймын. Енді 2015 жылдың маусымы бойынша қатысатын жарыстар жайын "Астана" командасының спорт директорлары мен бас менеджер Александр Винокуров шешеді. Сондықтан қазір менің бар ойым - тезірек үйге жету", - деді спортшы.

Еске салайық, екі аптаның ішіндегі бұл Алексейдің екінші жетістігі. Бұған дейін спортшы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында топ жарса, араға бірнеше күн салып "Алматы Туры - 2014" бәйгесінде бабында екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, оза шапты. 

Айта кетейік, "Алматы Туры" веложарысы осымен екінші рет өтті. Өткен жылы бұл бәсекеде Максим Иглинский шамасына шаң жұқтырмай, бірінші орын алған еді. Биыл Халықаралық велоспорт федерациясы бұл бәсекенің дейін 1.1-ге көтерді. Сондықтан да биыл Алматыға Astana Pro Team, Katusha, Giant-Shimano, Movistar, Omega Pharma - Quick-Step секілді әлемге танымалы ұжымдармен Bardiane Valvole, CCC Polsat и Synergy Baku Cycling Project сынды жарысқа былтыр да қатысқан командалар келді.

Жалпы жарыстың сыйақы қоры 39 мың еуро болды. Бірінші орын алған спортшы 15 мың еуро алса, екінші орын алған спортшыға 10 мың еуро бұйырады. Ал үздік үштікті түйіндеген спортшы 5 мың еуро алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети