13 мамыр 2014 18:57

Велоспорттан Азия чемпионаты алғаш рет Қазақстанда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото velotrek.kz сайтынан Фото velotrek.kz сайтынан

21 мамырдан 1 маусымға дейін Қазақстанда бірінші рет велоспорттан Азия чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz спорттың осы түріндегі отандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


21 мамырдан 1 маусымға дейін Қазақстанда бірінші рет велоспорттан Азия чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz спорттың осы түріндегі отандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия чемпионаты ересектер және жасөспірімдер арасында Астана мен Қарағандыда өтеді. Тректегі жарыстар 22-26 мамыр аралығында Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде, ал тас жолдағы велобәйгелер 27 мамырдан 1 маусымға дейін Қарағандыда ұйымдастырылатын болады.

Құрлық біріншілігіне 30 мемлекеттен жалпы саны 500-ден астам велошабандоз қатысады деп күтілуде. Азия чемпионатын қазақ топырағында өткізу ел велоспортының 100 жылдық торқалы тойына орайластырылып отыр. Осы ретте айта кетейік, биыл Қазақстанда велоспорттың дами бастағанына – 100 жыл.

Құрлық біріншілігінде еліміздің намысын мына велошабандоздар қорғайтын болады:

Тректегі бәйгелерде:

Роберт Гайнеев (2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері), Диас Өмірзақов, Жақсылық Пазылбек, Никита Панасенко, Дмитрий Лукьянов, Павел Гацкий, (2013 жылғы Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері), Екатерина Юрайтис (Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері).

Тас жолдағы бәйгелерде:

Максим Иглинский (2012 жылғы "Льеж-Бастонь-Льеж" біркүндік бәйгесінің жеңімпазы), Дмитрий Груздев (2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері), Руслан Тілеубаев, Арман Қамышев, Валентин Иглинский, Даниил Фоминых, Александр Дьяченко.

Спорттық директор – Дмитрий Фофонов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети