24 тамыз 2015 08:41

"Вуэльта" веложарысында "Астана" капитанының айналасында дау шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" велокомандасының капитаны Винченцо Нибали қазылар алқасының шешімімен "Вуэльта" испан суперкөпкүндігінің жарыс күнінің екінші кезеңінен кейін шығып қалды. Бұл туралы astanafans.com сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана" велокомандасының капитаны Винченцо Нибали қазылар алқасының шешімімен "Вуэльта" испан суперкөпкүндігінің жарыс күнінің екінші кезеңінен кейін шығып қалды. Бұл туралы astanafans.com сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал спортшының дисквалификациясының себебі деп спортшының екінші кезеңнің мәресіне 30 шақырым қалғанда үйінді астында қалғандықтан негізгі топты командасындағы серіктестерінің көмегімен қуып жетпекші болғаны айтылады.  

"Итальян спортшысы топ алдында келе жатқанда алдыңғы дөңгелегі шығып кетті, оған "Астана" командасының техникалық көлігі жақындады, кейін Нибали қысқа қашықтыққа оған жармасып өтті, сондықтан дисквалификация алды. Нибали негізгі топты 20 шақырым бойы қуып келді, финишке 10 шақырым қалғанда ғана оған кіре білді. Бірақ барлық әрекеті соңында бос қалды. Жаза тым қатаң болды, қазақстандық команда енді сегіз адаммен қалып отыр, команда Грант-тур стартында өзінің көшбасшысынан айырылды", - делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қазақстандық команданың тарапынан ереженің бұзылғанын мойындады. Ол ұйымдастырушылардан, көрермендерден, жанкүйерлер мен демеушілерден кешірім сұрады. Сонымен қатар, Винокуров Нибалидің жарыстан шығып қалуының қатал жаза екенін мәлімдеді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети