25 желтоқсан 2014 12:07

2015 жылы әлем халқының саны 7,3 миллиардқа жетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©flickr.com ©flickr.com

Алдағы 35 жылда Жер бетінде 9,76 миллиард адам өмір сүретін болады, - деп хабарлайды "Экпресс К" басылымы. Мұндай болжамды Ганновердің "Жер бетіндегі халық" қоры жасады. Сонымен қатар, 2050 жылға қарай азиялықтар мен еуропалықтардың саны азаяды деген де болжам бар. Ал африкалықтардың үлесі ол кезде, керісінше, өсіп, олардың саны Жер бетіндегі халықтың төрттен бір бөлігіне жетеді.


Алдағы 35 жылда Жер бетінде 9,76 миллиард адам өмір сүретін болады, - деп хабарлайды "Экпресс К" басылымы. Мұндай болжамды Ганновердің "Жер бетіндегі халық" қоры жасады. Сонымен қатар, 2050 жылға қарай азиялықтар мен еуропалықтардың саны азаяды деген де болжам бар. Ал африкалықтардың үлесі ол кезде, керісінше, өсіп, олардың саны Жер бетіндегі халықтың төрттен бір бөлігіне жетеді.

2015 жылы әлем халқының саны 7,3 миллиардқа жетеді. Олардың 10 пайызы еуропалықтар, 15 пайызы африкалықтар, 60 пайызы азиялықтар болады. Бірақ азиялықтардың арқаны кеңге салуына болмайды, себебі "Жер бетіндегі халық" қорының мәлімдеуінше, 35 жылдан кейін азиялықтардың 60 пайызынан 54 пайызы ғана қалады, яғни қазіргі адам саны 4 миллионға кемиді. 

Ал Қазақстанға қатысты айтар болсақ, Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайыловтың мәлімдеуінше, елімізде туу саны көбейіп, өлім-жітім азайған, сөйтіп, Қазақстанда тұратындардың саны 1 қаңтарда 17,16 миллион болған. Бірақ дәрігерлер елімізде бала туу жасы қартайып бара жатқанын айтады.

Дәрігерлердің мәліметінше, қазір 20-24 жаста ана болғандардың қатары 10 пайызға төмендеген, қазір әйелдердің көпшілігі 30 жастан асқанда ғана ана болуды жөн санайды. Дәрігер-акушер Сәуле Сәкенованың айтуынша, оның қабылдауында болатындардың басым бөлігі 30-дан асқандар және көпшілігіне бедеулік диагнозы қойылған. "Жағдай осылайша жалғаса берсе, жақында халық саны едәуір кемиді. Ғаламторда чайлд фри тақырыбын талқылайтын әйелдер форумы өте көп, солардың бірінде бір қыз былай депті: "Мен 21 жасқа толмай тұрмысқа шықтым. Күйеуім балалы болғысы келеді, мен әлі де "жоқ" деп келем" депті, тағы бір әйел 35 жасқа дейін баласыз бақытты өмір сүргенін жазыпты, қазір бір жасар баласы бар екен, ол "Мына заманда 43 жасқа дейін бала туралы ойламауға да болады, өзің үшін өмір сүріп үлгеруің керек!" деп жариялапты", - дейді дәрігер-акушер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда туу деңгейі артып, өлім-жітім көрсеткіші төмендегені хабарланған болатын.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети