02 қараша 2016 19:52

Curiosity Марстан металл шар тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Curiosity Марс кезушісі Қызыл ғаламшардағы Шарп тауында домалақ металл метеорит тауып алды, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Gizmodo порталына сілтеме жасап.


Curiosity Марс кезушісі Қызыл ғаламшардағы Шарп тауында домалақ металл метеорит тауып алды, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Gizmodo порталына сілтеме жасап.

Ғалымдар жаңа нысанды Egg Rock деп атады. Дененің диаметрі төрт сантиметрге жетеді. Метеорит мұндай формаға Марс атмосферасында құлаудың әсерінен алған. Ғалымдардың пікірінше, металл дене ғаламшардың үстінде миллиондаған жыл жатып қалған. Қызыл ғаламшарда оттегінің жоқтығына байланысты, дене жақсы сақталған. 


NASA сайтынан алынған сурет.

Шарп тауы (Эолида) Гейл кратерінің ортасында орналасқан, биіктігі 5,5 шақырым. Диаметрі 150 шақырым болатын тереңдік жасы 3,5 миллиард жылға жетеді деп бағаланып отыр, ал оның тереңінде эрозияға ұшыраған денелер бар. Ал кратердің терең бөліктерінде ертеде су болған делінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети