08 мамыр 2015 12:30

Астана тұрғыны үйінде робот құрастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әнуар Шаймергенов © Әнуар Шаймергенов

Астана тұрғыны үйінде робот құрастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Робот Квазарды құрастырған 23 жастағы Әнуар Шаймергеновтің айтуынша, ТМД-да мұндай робот жоқ.


Астана тұрғыны үйінде робот құрастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Робот Квазарды құрастырған 23 жастағы Әнуар Шаймергеновтің айтуынша, ТМД-да мұндай робот жоқ.

Роботтың бойы - 2,4 метр. Шаймергеновтің сөзіне қарағанда, Квазар жүріп қана қоймай, қалжыңдап, ән айтып, билеп тіпті эмоциясын көрсете алады. Соңғы функцияны орындау үшін құрастырушы андроидты беттің қозғалмалы бөліктерімен жабдықтаған, яғни жақ пен қас қойған. Астаналықтың айтуынша, оның роботы Интернетте аса танымалдыққа ие болып үлгерген әйгілі Титанға ұқсайды. Айта кетейік, Титанды ұлыбританиялық Cyberstein Robots Ltd компаниясы жасады және ол бірнеше шоу мен тележобаға қатысты.

Квазарды жасауға шамамен төрт ай уақыт кеткен. Шаймергеновтің айтуынша, ол дайын микросхемаларды қолданып, бірнеше ән мен қалжыңды салып, роботты бағдарламалаған. Роботты қашықтан ноутбук арқылы басқаруға болады. Егер оған микрофон қосса, ол адамдармен сөйлесе алады. Роботты құрастырушының айтуынша, Квазар Астанадағы Asia Park ойын-сауық-сауда үйінде шоуға қатысады. Шара Балаларды қорғау күні қарсаңында, 30 мамырда өтеді. Робот қонақтарды қарсы алып, олармен сөйлеседі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети