19 мамыр 2014 16:05

EXPO-мен бірге Қазақстанға 5G байланысы келуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mignews.com ©mignews.com

2017 жылға қарай Қазақстан 5G байланысын енгізуге дайын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Сәкен Сәрсеновке сілтеме жасап. 


2017 жылға қарай Қазақстан 5G байланысын енгізуге дайын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Сәкен Сәрсеновке сілтеме жасап. 

"Осы саладағы жаңалықтар мен соңғы технологиялар Қазақстанда бар. Қазір әлемде 5G жобасы даярланып жатыр. Оны 2017 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Меніңше, сол кезде Қазақстан да аталған байланысты енгізуге дайын болады", - деді С.Сәрсенов бүгін Астанадағы ASTEX-2014 конференциясы аясында өткен брифингте. Айта кетейік, 2017 жылы Астанада EXPO халықаралық көрмесі өтеді. 

Бұдан бөлек, қазақстандықтар басқа ұялы байланыс операторына ауысқан кезде өз нөмірлерін сақтай алатын болады. "Оны MNP - технологиясы арқылы іске асыруға болады. Мәселен, 701 мен 777 сияқты префикстер Kcell және Beeline компанияларының еншісінде. Алайла тарифтік жоспар сіздің көңіліңізден шықпай жатса, басқа операторға ауысуға мүмкіндік болады. Қазіргі кезде отандық заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін аталған қызмет іске қосылады", - дейді С.Сәрсенов.

Агенттік төрағасының орынбасары ұялы байланыс қызметінің бағасына да тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде Интернет тарифінің арзан болуы жағынан әлем елдері ішінде 8-ші орында келеді. Ал ұялы байланыс бағасы бойынша - 17-ші орында. "Меніңше, жаңа GSM операторының келуімен біз тарифтерді арзандатуды ары қарай жалғастыратын боламыз. Жалпы, қазір бізде қымбат тарифтерге қатысты миф жоқ деуге болады", - деп атап көрсетті С.Сәрсенов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети