14 мамыр 2014 10:11

ХҒС-дан шыққан "Союз" кемесі қазақ жеріне сәтті қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Союз" ғарыш кемесінің капсуласы. ©REUTERS "Союз" ғарыш кемесінің капсуласы. ©REUTERS

"Союз ТМА-11М" ғарыш кемесінің капсуласы қазақ жеріне сәтті қонды, экипаж мүшелері өздерін жақсы сезінуде" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Союз ТМА-11М" ғарыш кемесінің капсуласы қазақ жеріне сәтті қонды, экипаж мүшелері өздерін жақсы сезінуде" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Ресей космонавты Михаил Тюрин, JAXA астронавты Коити Ваката және америкалық астронавт Рик Мастраккио Жерге оралды. Капсула Жезқазғанның оңтүстік шығысына 148 шақырым жерге қонады деп күтілген еді. Басқару орталығы комментаторының мәліметіне қарағада, ғарыш кемесі күтілген жерге жақын маңға қонған.

Ғарыш аппаратының қонуын ұшақтар, Ми-8 тікұшағы, эвакуациялық-іздеу машиналары және Росавиацияның бірнеше қосымша техникасы қамтамасыз еткен. Бірнеше минуттардан кейін ғарышкерлерге капсуладан шығуға көмектесіп, сонан соң оларды тікұшақпен алып кетеді.

Естеріңізге сала кетсек, "Союз ТМА-11М" ғарыш кемесі 2013 жылы 7 қарашада "Байқоңыр" космодромынан ұшырылған болатын. Ғарыш кемесінің экипажы Халықаралық ғарыш стансасына олимпиада алауын да жеткізген болатын. Ұшу кезеңінде Михаил Тюрин 50 сараптама бойынша 600-ден астам сеансқа қатысты, оның 48-і алдыңғы экспедиция кезінде басталған болатын, ал екеуі ("Биополимер" және "Отклик") жаңа.

Қазіргі таңда Халықаралық ғарыш стансасында ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов, Олег Артемьев және америкалық Стивен Свонсон жұмыстарын жалғастыруда.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети