15 маусым 2015 13:58

КazEOSat-1 жер серігі Қазақстанның меншігіне өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© novosti-kosmonavtiki.ru © novosti-kosmonavtiki.ru

Жерді қашықтықтан зондтайтын КazEOSat-1 жер серігі еліміздің меншігіне өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Францияның Тулуза қаласында штаттық пайдалану үшін КazEOSat-1 ғарыш аппаратының ресми қабылдауы болды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Тулузада дайындаушы компания (Airbus Defence and Space француз компаниясы) мен тапсырыс беруші - қазақстандық "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ арасында жоғары қабілетті Жерді қашықтықтан зондтайтын (ЖҚЗ) ғарыш жүйесін меншікке беру құқығы туралы сертификатына қол қойылды. Сертификат меншік құқығына көшуге мүмкіндік береді және штаттық пайдалану үшін қабылдауды түпкілікті актіге қол қойылған күннен бастап, Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесінің спутнигі мен жерүсті инфрақұрылымын сақтандыру шарты күшіне енеді.

"Қазақстандық КazEOSat-1 спутнигі Франциядағы Гвианадағы "Куру" ғарыш айлағынан 2014 жылдың 30 сәуірінде еуропалық "Вега" тасымалдағыш зымыранымен ұшырылған болатын. Жоғары кеңістіктік қабілеті панхроматикалық режимде 1 метр және мультиспектрлық режимде 4 метр болатын ғарыш аппаратының көрінетін, әрі жақын инфрақызыл диапазондағы мультиспектрлық арналары бар. Меншік құқығын алғаннан кейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ өзінің активтерін ұлғайтады және КazEOSat-1 спутнигін коммерциялық пайдалануға кіріседі", - делінген "Қазғарыштың" хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда өзіндік ЖҚЗ ғарыш жүйесінің пайда болуы ғарыштық мониторингілеу және болжау саласындағы ең алдыңғы тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді. КazEOSat-2 спутнигі ЖҚЗ қызметтерінің толық спектрлерін ұсынуға, ҚР аумағында түсірілімдер алуға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картографиялау, Жердің басқа да учаскелерін мониторингілеу мақсатына бағытталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети