Қазақстан бір күнде екі жерсерік ұшырады

28 Сәуір 2014, 17:33
0
Фото zakon.kz сайтынан
Фото zakon.kz сайтынан
Фото inform.kz сайтынан
Фото inform.kz сайтынан

Бүгін, сәуірдің 28-і күні Францияның Гвиана аймағындағы Куру ғарыш айлағынан жердің қашықтан бақылаудың KazEOSat-1 жерсерігі орбитаға шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ғарыш агенттігіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бүгін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан KazSat-3 жерсерігі ұшырылған болатын. "Протон-М" зымыран тасығышы онымен бірге ресейлік "Луч-5В" ғарыш аппаратын да алып кетті. KazSat-3 - байланыс спутнигі. Оның негізгі мақсаты - теледидар, ғаламтор және жалпы ақпарат алмасу байланыстарын жақсарту. Роскосмостың хабарлауынша, Қазақстанның байланыс спутнигі Астана уақыты бойынша сағат 19:57-де негізгі блогтан бөлініп, орбитаға шығуы тиіс. 

"Бұдан басқа, бүгін (екі елдің уақыт айырмашылығы - 9 сағат алда. Қазақстандық жер серігі Францияның жергілікті уақыты бойынша сәуірдің 28-і түнгі сағат 22:35 ұшады. Ол кезде бізде таңғы сағат 07:35 болады - авт.) Францияның Гвианасындағы "Куру" ғарыш айлағынан жерді қашықтан бақылаудың KazEOSat-1 атты қазақстандық жер серігі орбитаға шығарылады. Сөйтіп, ел тарихында алғаш рет бір тәуліктің ішінде  Қазақстанның екі бірдей ғарыш аппараты ұшырылмақ", - делінген агенттіктің ресми хабарламасында.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай