01 қараша 2016 09:40

Қазгидромет ауа райын 90 пайызға дәл болжайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Энергетика министрлігі "Қазгидромет" РМК-ның 2016 жылдың үшінші тоқсанына дейінгі қызметінің қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомствоның сайтында хабарланды.


ҚР Энергетика министрлігі "Қазгидромет" РМК-ның 2016 жылдың үшінші тоқсанына дейінгі қызметінің қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомствоның сайтында хабарланды.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы кезеңде Қазақстан бойынша тәуліктік ауа райы болжамының дәлдігі 90-нан аса пайызды құрады. Салыстырып көрсек, 2011 жылда болжамның дәлдігі жақын тәулікке орташа есеппен 80 пайыз болған еді.

"Қазгидромет халыққа қызмет көрсетуді жақсарту бойынша күшейтілген жұмыс жүргізіп жатыр. Осы орайда, www.kazhydromet.kz ресми сайтында жақын тәулік пен 3 күнге Қазақстандағы ауа райы болжамы жөнінде толық мәлімет, сондай-ақ ай мен маусымға консультациялық болжамдар жарияланады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сайтта дауылды алдын ала ескерту туралы мәлімет көрсетіледі. 2016 жылы сайт арқылы жақындап келе жатқан қауіпті құбылыстар туралы 71 гидрометеорологиялық ескерту берілген болатын, олардың жалпы дәлдігі 90 пайызды құрады.

Жыл сайын Қазгидромет көктемгі су тасқынының басталғаны туралы хабарлайды. 2016 жылы көктемгі су тасқынының басталу күнінің болжамы 93 пайызға дәл келді екен.

2016 жылдың барлық тоғыз айында төтенше жағдай қызметтері мен халық алдын ала ескертілген 1 142 қауіпті және 56 жергілікті апатты гидрометеорологиялық құбылыстар байқалды. Қауіпті және аса қауіпті құбылыстардың туындауы жөнінде деректі оперативті жеткізу апаттың салдарын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети