05 мамыр 2014 17:25

KazSat-3 жерсерігі 4 миллиард теңгені үнемдейді - Мұсабаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.mail.ru ©news.mail.ru

KazSat-3 жерсерігі Қазақстанның телетарату және байланыс саласындағы жеке әрі автономды жүйесін құруға, сондай-ақ бюджеттің біраз қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа сілтеме жасап. 


KazSat-3 жерсерігі Қазақстанның телетарату және байланыс саласындағы жеке әрі автономды жүйесін құруға, сондай-ақ бюджеттің біраз қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа сілтеме жасап. 

"KazSat-3 жерсерігі екі спутниктің (KazSat-2 және KazSat-3) күшін арттырып, қазақстандық байланыс операторларының KazSat-тың қызметіне көшуіне жағдай жасап отыр. Оны іске қосудың арқасында орбитаның шығыс бойлық 58,5 градус позициясы Қазақстанның атында қалады. Бұл аса - маңызды мәселе. Ал аталған жер серігін пайдалану арқылы байланыс саласындағы қызметтер импортын жыл сайын 4 миллиардтан астам теңгеге азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттік бюджетке түсетін салықтың мөлшері артады. Бүгінде ол ақшаның барлығы шетелге кетіп жатыр", - деп атап көрсетті бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Т.Мұсабаев. 

Осы орайда агенттік төрағасы KazSat-2 жерсерігінің жағдайына да тоқталды. Оның айтуынша, аталған ғарыш аппараты Қазақстан, Орталық Азия мен Ресейдің орталық аймақтарына қызмет көрсетуді көздейді. Қазіргі кезде ол штаттық режимде 60 пайызға жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін KazSat-2 Қазақстанның 11 байланыс операторына 2 миллиардтан астам теңгенің қызметін көрсетті. "Сөйтіп, екі байланыс жер серігі мен екі басқару орталығын іске қосу арқылы Қазақстан ақпараттық тәуелсіздікке қол жеткізді. Аталған ғарыш аппараттары мен басқару орталықтары бір-бірінің жұмысын алмастыра алады. Сондықтан біз телетарату және байланыс саласында өзіміздің автономды жүйемізді құрдық деуге болады", - деді Т.Мұсабаев.       

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети