08 шілде 2014 19:38

Қызылорда мен Таразда 4G желісі іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда мен Таразда жоғары жылдамдықта ақпарат тарататын LTE мобильді желі іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "АЛТЕЛ" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қызылорда мен Таразда жоғары жылдамдықта ақпарат тарататын LTE мобильді желі іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "АЛТЕЛ" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"АЛТЕЛ" АҚ-ның басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбаевтың айтуына қарағанда, компания бұл екі қалада 4G құрылғысын іске қосып, Қазақстанның оңтүстігіндегі халық жиі орналасқан барлық әкімшілік орталықтарда өз желілерін орнатып болды. Бұған қоса "АЛТЕЛ" Қызылорда мен Тараз қалаларында GSM/UMTS желілерін күшейтіп, қала маңындағы ауылдардың барлығын ғаламтормен қамтамасыз етуге ниетті. 

"АЛТЕЛ" қызмет көрсету және сату орталықтарында  ALTEL 4G-ге арналған JET абоненттерінің сатылуы мен жоғары жылдамдықта ақпарат тарататын желіге қосылуға ниетті адамдардың тіркелуі басталды. Біздің барлық 4G тарифына қосылған клинеттерімізге бір айлық промо-кезең қызмет атқарады, ол арқылы қолданушылар құны 900 теңге тұратын бір айлық шектеусіз ғаламторға қол жеткізеді", - дейді АО "АЛТЕЛ" компаниясының қаржы директоры Ирина Савина.

Еске салайық, 4G желісі Қазақстанда тұңғыш рет 2012 жылы Астана және Алматы қалаларында іске қосылды. Жоғары жылдамдықтағы ақпарат тарататын желінің төртінші буыны Ғаламторға мобильдік құрылғылар арқылы секундына 30 мегабитке дейінгі жылдамдықта қосылуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, жарты жылдан аз уақыт ішінде 4G "Қазақтелекомға" 100 миллион теңгедей пайда түсірді. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети