16 наурыз 2016 10:15

Лондонда ауа сапасы көгершін арқылы бақылана бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© DigitasLBI © DigitasLBI

Лондонда ауаның сапасын тексеру мақсатында арнайы "көгершін патрулі" жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды The Guardian.


Лондонда ауаның сапасын тексеру мақсатында арнайы "көгершін патрулі" жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды The Guardian.

Құстардың мойнына ауаның ластану деңгейін сенсор арқылы бағалайтын электронды құрылғы ілінді. Салмағы 25 грамм болатын құрылғы көліктерден бөлінетін ауадағы азот тотығының мөлшерін анықтайды. Нәтижелер Twitter жобасына жіберіледі. 

Айта кетейік, Лондонның әрбір тұрғыны өзі тұратын аудандағы ауаның сапасын осылай біле алады. Жобаның негізгі мақсаты - қоғам назарын экология мәселесіне аудару. "Біз Бейжіңде немесе басқа қалаларда ауаның өте лас екенін айтып жатамыз. Ал Лондонда ауа кейде Қытай астанасынан да лас болып кетеді", - деді идея авторы Пьер Дукусну (Pierre Duquesnoy).

Оның айтуынша, осы жобаға көгершіндерді пайдалану идеясы бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардағы тәжірибеден алынған. Құстың бұл түрі 30-50 метр биіктікте жүз шақырымға дейін жылдам ұша алады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети