23 мамыр 2016 15:12

Үндістанда көпреттік тасығыш-зымыран сынақтан өткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  NDTV © NDTV

Үндістанда Шрихарикота аралындағы Андхра-Прадеш штатында ғарыш айлағынан RLV-TD технологиясы бойынша көпреттік зымыранның прототипі сәтті ұшырылды, - деп хабарлайды NDTV. Зымыран Астана уақыты бойынша сағат 07.30-да ұшырылды.


Үндістанда Шрихарикота аралындағы Андхра-Прадеш штатында ғарыш айлағынан RLV-TD технологиясы бойынша көпреттік зымыранның прототипі сәтті ұшырылды, - деп хабарлайды NDTV. Зымыран Астана уақыты бойынша сағат 07.30-да ұшырылды.

Зымыран 70 шақырым биіктікке көтерілген, артынша еркін жоспарланған ұшу режиміне ауысқан. Кейіннен ол ғарыш айлағынан 500 шақырым қашықтықтағы Бенгал шығанағына қонған. Келесі сынақтарда оның құрлыққа, өзі ұшырылған Шрихарикотаға қону мүмкіндігін тексеру жоспарланып отыр.

Ұзындығы 6,5 метр болатын модельдің салмағы 1,75 тонна. Бұл зымыранды жасауға 5 жылдан аса уақыт кеткен, сонымен қатар, 14,5 миллион доллар жұмсалған. Зымыран Vikram Sarabhai ғарыш орталығында жасалған. Зымыранды құру үшін 600-дей ғалым күш жұмсапты. Бұл технология ғарышқа ұшырылатын нысандардың шығынын он есеге қысқартады деп жоспарланған, нақтырақ айтқанда қазір ғарышқа ұшырылатын нысанның келісіне 20 000 доллар шығындалса, ендігіде 2000 доллар қажет болады.

Ақтық үлгісінің жасалуына дейін тағы екі рет зымыран ұшыру жоспарланып отыр. Негізгі зымыран бұл моделінен 6 есе үлкен және ұзындығы 40 метрге жетеді. Оны 2030 жылы ұшыру көзделіп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети