Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"ВКонтакте" қазақстандықтарға арнап арнайы парақша ашты

28 Тамыз 2015, 13:33
3
© Vk.com
© Vk.com

"Вконтакте" әлеуметтік желісі қазақстандықтарға арнап арнайы топ ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай паблик бұған дейін украиналық қолданушыларға арнап жасалған болатын.

Компанияның хабарлауынша, топта қазақстандықтарға сүйікті спортшылары, сүйікті жұлдыздары, түрлі жоба мен жаңалықтарды іздеуге көмек беріледі. "Сонымен қатар, біз қазақстандықтардың идеяларын қолдауға дайынбыз. Парақшадан тәжірибелі қолданушылар жаңа мәліметтер алса, ал жаңа қолданушылар әлеуметтік желіні үйренеді", - деді компания өкілдері. Парақшаны "ВКонтакте" командасы жүргізеді. Жазбалар екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

Компанияның мәліметінше, қазақстандықтар "ВКонтакте" желісіне басқаларға қарағанда көп кіреді. Соңғы екі айда желіге тіркелгендер саны 15 пайызға өсіп, 5,4 миллионға жетті. Ал әлеуметтік желі қолданушыларының 75 пайызы ай сайын кіріп тұрады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай