15 шілде 2019 22:14

Адамдар ем қабылдау үшін өз өңірлерінен шықпауы тиіс - Дәрігер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласындағы балаларға арналған №2 қалалық клиникалық ауруханасы мен Shashkin Clinic заманауи неврология және нейрореабилитация клиникасы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің қатысуымен 2019 жылғы 15-шілдеде Алматыда нейрохирургия бойынша I білім беру курсын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласындағы балаларға арналған №2 қалалық клиникалық ауруханасы мен Shashkin Clinic заманауи неврология және нейрореабилитация клиникасы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің қатысуымен 2019 жылғы 15-шілдеде Алматыда нейрохирургия бойынша I білім беру курсын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта демографиялық жағдайдың жақсаруы, сонымен бірге көші-қон үрдістеріне орай Алматы қаласындағы балалар саны артып келеді. Бұған қоса, туа біткен даму кемістіктері, сирек аурулар, соның ішінде бас миы қан тамырларының артериалды аневризмдері, гидроцефалия, балалардың сал ауруы (ДЦП), бас миының сарысулы ісігі, бас миының түрлі ісіктері, онко-гематологиялық және кардио-ревматологиялық аурулар да өсуі байқалып отыр.

Бұл неге байланысты, мұндай аурулар неден туындайды, әлемдік нейрохирургияда оларды диагностикалау мен емдеудің қандай әдістері бар, олардың қайсысы қазақстандық нейрохирургиялық қызметте қолданылады? Осы аталған сұрақтар бүгін балалар нейрохирургиясының  өзекті мәселелері мен емдеудің инновациялық әдістеріне арналған білім беру курсында талқыланды. Курс спикері - жетекші нейрохирург, Тель-Авив медициналық орталығының балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің директоры, жаңа туылған сәбилердің бас миы және жұлын ісігін зерттеу саласы маманы профессор Шломи Константини.

Shashkin Clinic заманауи неврология және нейрореабилитация клиникасының директоры Ч.С.Шашкин қазақстандық нейрохирургтардың нейрохирургияның ең өзекті мәселелеріне қатысты соңғы ақпаратқа елден шықпай-ақ қол жеткізулеріне өз септігін тигізуге дайын екенін жеткізді. Оның сөзінше, Алматыда балалар нейрохирургиясын дамытуға әлеует зор.

"Нейрохирургия қызметі өңірлерді дамуы қажет, бұл өте маңызды. Адамдар ем қабылдау үшін өз өңірлерінен шықпауы тиіс. Кейбір аурулар кезінде науқастарды тасымалдауға тыйым салынатынын ескерсек, бұл өте қажет. Балалар нейрохирургиясына қатысты айтар болсақ, шұғыл араласуды қажет ететін жағдайлар болады. Сол себепті санитарлық авиацияны күтпей, емдеуді бастау қажет. Жергілікті түрде дамытып, Алматыдағы балалар ауруханасы негізінде жақсы хирургия жүргізіп, сапалы көмек бере алатын, соның ішінде жаңа технологияны қолдану арқылы бұрын-соңды жүргізілмеген операцияларды, соның ішінде спастика хирургиясы, эпилепсия хирургиясын жүргізе алатын балалар нейрохирургтарының командасын жинауға болады. Осындай науқастар Қазақстанда көп, және де олар ем қабылдау үшін шетелге баруға мәжбүр. Себебі Нұр-Сұлтандағы бір ғана Нейрохирургия орталығы балалар нейрохирургиясына қатысты елдегі сұранысты өтей алмайды. Осы білім беру курсы мамандарды дайындаудағы олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Қазақ медициналық үздіксіз біліме беру университеті бұл үшін көп іс атқарып жатыр, аталған білім беру курсы да соған дәлел бола алады. Алматының әлеуеті зор, қала оңтүстік-шығыс өңірде нейрхирургиялық қызмет көрсету хабына айнала алады", - дейді Ч.С.Шашкин.

Алматыдағы №2 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері М.Р. Рабандияров журналистерге берген сұхбатында қазақстандық нейрохирургиядағы жаңа бағыт - бас миы қан тамырлары ауруларын емдеу - пышақсыз хирургия, бас миы қан тамырларын эндоваскулярлық емдеу екенін айтты.

"Сонымен бірге жаңа әдістер, жаңа бағыттардың қатарында аномалды гидроцефалияның күрделі түрлерін эндоскопиялық емдеу де бар екенін айта кеткен жөн. ОЖЖ ісіктерін ауру ошағын миллиметрге дейін дәл етіп көрсететін нейронавигациялық құрылғыларды қолдану арқылы емдеу де үлкен бағыттардың бірі. Эпилепсия хирургиясы, ДЦП хирургиясын да дамыту жоспарда бар. Көптеген жаңа туылған сәбилер нейрохирургиялық көмекке мұқтаж.  Алматыдағы балаларға арналған №2 қалалық клиникалық ауруханасының мақсаты – Алматы қаласында балалар арасындағы мүгедектікті азайту және осы мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасап, ауруларды емдеуде ерте араласу тәжірибесін қолданып көреміз", - деді М.Р. Рабандияров.  

Нейрохирургия бойынша курс ұйымдастырушылары шараны жүйелі түрде жыл сайын өткізуді, онда өзге де диагноздарды талқылауды, әлемдік нейрохирургияның көптеген спикерлері мен профессорларын шақыруды жоспарлап отыр. Бұл қадам тек Алматыдағы емес, сонымен бірге күллі қазақстандық нейрохирургияның дамуына айтарлықтай үлесін тигізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети