Әдеттегі темекіні электрон шылыммен алмастырудың қажеті жоқ - Кардиолог

18 Қараша, 15:57
0
Әдеттегі темекіні электрон шылыммен алмастырудың қажеті жоқ - Кардиолог - © pixabay.com
© pixabay.com

Вейп құрамындағы қауіпті компоненттердің бірі - Е витамині мен пропиленгликоль. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог Ярослав Ашихмин "360" телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды "Лента.ру".  

Ғалымның айтуынша, Е витаминінің ағзаға керегі жоқ екен және ол обырдың асқынуына себеп болады. Ал пропиленгликоль қызған кезде өкпеге зиян келтіреді. Ол қарапайым темекіні электрон темекіге ауыстырмауға кеңес берді. 

"Бүгінде адамның темекі шегуін тоқтату үшін әсерлі дәрі-дәрмектер бар", - дейді кардиолог. Оның айтуынша, электронды темекілер қажет тексеруден әлі өтпеген және бұл сонысымен қауіпті екен. 

Осыған дейін АҚШ-тың ауруларды бақылау және емдеу орталығының өкілдері Е витамині электрон темекі шегетіндер арасында жиі ауыратынын айтқан. Бұл компонент сараптамаға алынған барлық электрон темекі түрінен табылған.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай