Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Әскерилер қайырымдылық акциясының аясында 30 литр қан тапсырды

30 Шілде 2015, 13:59
0
© ҚР ҚМ баспасөз қызметі
© ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Қазақстан әскерилері 30 литр қан тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы, 657-қамтамасыз ету комендатурасы және 21140-Б әскери бөлімінің әскери қызметшілері донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізді. Жалпы, шамамен 30 литр қан тапсырылды.

"Акцияны ұйымдастырудағы мақсат - әскери қызметшілердің қан тапсыру ісіне үлесін қосу және қазіргі уақытта донорлық қанға зәру адамдарға көмектесу. Мұндай іс-шара Қазақстан Қарулы күштерінде он жылдан астам уақыт бойы жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады. Трансфузиология республикалық ғылыми-өндірістік орталығы дәрігерлерінің айтуынша, қан тапсырудың донор үшін ешқандай зиянды салдары жоқ. Керісінше, қанның белсенді жаңаруына, жүрек тамыр жүйесі мен ішкі мүше жұмысының жақсаруына ықпал етеді", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, әлемде минут сайын жиі қан алмастыру қажеттілігімен байланысты ауру-сырқауға шалдыққан мыңдаған адам қанның жетіспеушілігінен қайтыс болады.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай