12 мамыр 2014 13:23

Астанада "Денсаулық дүңгіршектері" ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото medikforum.ru сайтынан алынды Фото medikforum.ru сайтынан алынды

Астанада "Денсаулық дүңгіршектері" ашылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астанада "Денсаулық дүңгіршектері" ашылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Дүңгіршектер қаланың ірі сауда орталықтарында орналасатын болады, онда қала тұрғындары дене салмағының индексін, қан қысымын, температурасын өлшетіп, дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Бұдан бөлек, Астанада медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін CALL-орталық құрылады.

"Биыл Денсаулық сақтау басқармасы азаматтарға бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейін арттыру жұмыстарына басымдық береді. Осы мақсатта №10 қалалық емханада халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін CALL-орталық құрылады, сондай-ақ, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының филиалы мен жастар денсаулық орталығы ашылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, №10 жедел медициналық жәрдемнің шағын станциясын ашу, қаланың жаңа бөлігінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ЖМЖ-нің орталық станциясын салу және машиналар паркін жаңарту үшін санитарлық 7 көлік сатып алу жоспарланған.

"Биыл медицина мекемелері қызметкерлерінің ішінде 9 дәрігер Оңтүстік Кореяның клиникаларында оқу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, қалалық емханаларда практикалық машықтарды жетілдіру үшін отандық және шетелдік мамандар бригадаларының бірлескен қызметі бағдарламалары енгізіледі, ал емханаларда құрылған медициналық университеттердің шағын кафедралары дәрігерлердің біліктілігін арттыруға септігін тигізбек", - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети