07 желтоқсан 2019 | 09:56

Аймақ тұрғындары дәрігерлердің салғырттығына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онкологиялық диагноз дәрігерлер кеңесінің шешімімен қойылса, көпшілік ем іздеп шетел аспас еді. Қарағандылық Оразбек Сүлейменов, "Nur Otan" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына өз басындағы жағдайды жеткізді. Айтуынша, жергілікті дәрігер баласының айықпайтынын айтып, шығарып салған. Балғынның болашағына алаңдаған әке түркиялық мамандардың көмегіне жүгініпті. Қазір химиялық терапия арқылы ем қабылдап жатқанын айтты. Емнің құны да қымбат, күніне 500 доллар, - деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі мұндай ем бізде тегін жасалатынын айтып, науқас баланы елге алып келіп емдеуге кеңес берді.

Менің министр ретінде ең басты міндетім емдеу технологияларын дамыту. Әрине оған уақыт керек. Кейбір жағдайда кемшіліктер болады. Ол үшін кешірім сұраймын. Бірақ, сіз айтқан ұсынысты түсініп, қабыл алдым. Комиссия бойынша, рабочий орган бойынша жақында шешім қабылдайтын боламын, - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қоғамдық қабылдауға бүгін 48 адам жазылған. Олардың дені дәрігерлердің салғырттығына арызданды. Министр Елжан Біртанов барлық арыз-шағым жіті қаралатынын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети