19 қаңтар 2020 16:09

Дәрігер ұйқыға жатқанға дейін не істемеу қажеттігі жайлы кеңестер берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Мәскеудегі сомнолог дәрігер Алена Гаврилова ұйқыға дейін не істемеу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.ru.


Мәскеудегі сомнолог дәрігер Алена Гаврилова ұйқыға дейін не істемеу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.ru.

Дәрігердің айтуынша, ұйықтау кезінде гаджеттерді пайдалану және теледидар көріп ұйқыға кету - бұл ең жаман әдеттер, себебі жыпылықтау және көк жарық дұрыс ұйықтауға кедергі келтіреді және ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуіне әсер етеді.

Сонымен қатар, ұйықтар алдында шытырман оқиғалы экшн-фильмдер мен бағдарламаларды қараудың қажеті жоқ екенін атап өтті, өйткені стресс гормондарының бөлінуіне байланысты ұйықтап кету қиынға соғады.

Сонымен қатар, Гаврилова ұйықтар алдында адамға тойып кешкі ас ішпеу керек, әсіресе шамадан тыс тамақтанбау керек, өйткені ас қорыту үлкен ресурстарды қажет етеді, сондықтан ұйқыңыз нашар болады. Алайда сіз аш құрсақ та ұйықтамауыңыз керек, сондықтан ұйықтар алдында жеңіл, аз калориялы тағамдар қабылдаған дұрыс деп кеңес береді.

Сомнолог ұйқының сапасы ұйқы алдында қарқынды физикалық жаттығулардан да нашарлайтынын айтты. Мұны ұйқыға дейін 4-5 сағат бұрын жасаған дұрыс екен.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети