26 шілде 2018 11:07

Дәрігерлер сегіз жастағы қыздың миынан құрттың жүзден аса жұмыртқасын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Үндістанда 8 жастағы қыздың миынан 100-ден астам таспалы құрттың жұмыртқасы табылды, - деп хабарлады РИА Новости.


Үндістанда 8 жастағы қыздың миынан 100-ден астам таспалы құрттың жұмыртқасы табылды, - деп хабарлады РИА Новости.

Алты ай бойы жалғасқан бас ауруымен, эпилепсиялық ұстамасына шағымданған қыз Гургаон қалалық ауруханасына тапсырылған. Басында дәрігерлер балаға нейроцистицеркоз диагнозын қойып, науқасқа стероид дәрісін жазып берген. Нәтижесінде дәріден қыздың өкпесі тарылып, дене бітімі айтарлықтай өсіп кеткен. Салдарынан қыз бала өз бетімен қозғала алмай қалды.  

Қыздың ата-анасы басқа дәрігерге көрсеткенде, компьютерлік томография 8 жастағы науқастың миынан 100-ден астам солитер құрты жұмыртқасын тапты және олардың ішектен қан тамырлары арқылы миына түскенін анықтады. Дәрумендер мен құрттарға қарсы дәрі қабылдағаннан кейін қыз қайта өз бетімен жүріп, сауығып кеткен. 

"Таспалы құрттың мида болатынынан адамдар бейхабар. Ағзаға түрлі паразит дұрыс жуылмаған жеміс пен көкөністерден және шикі еттен түсетінін біліп, сақ болған абзал", - деді аурухананың неврологиялық бөлімінің басшысы Правин Гупта. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети