03 қазан 2016 09:54

Диетологтар дұрыс тамақтанудың басты құпиясын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© actualnews.org © actualnews.org

Танымал дәрігер-диетолог, Сидней Университетінің профессоры Дэвид Раубенхаймер пайдалы тағамдармен тамақтанудың құпиясын ашты, - деп жазады Vistanews.ru.


Танымал дәрігер-диетолог, Сидней Университетінің профессоры Дэвид Раубенхаймер пайдалы тағамдармен тамақтанудың құпиясын ашты, - деп жазады Vistanews.ru.

Дәрігер адамдарға тамақтанудың мүлде жаңа түріне көшуді ұсынады. Профессор ересек адамның тағам мөлшері 44-65 пайыз көмірсулардан, 35 пайыз майдан және 25 пайыз ақуыздан тұруы қажет екенін айтып отыр.

Басылымның мәліметінше, маман ондаған жылдар бойы Жаңа Зеландияда өмір сүретін жергілікті адамдар мен жабайы жануарларды бақылаған. Ғалым сондағы тіршілік атаулының қалай тамақтанатынын зерттеп, олардың пайдаланатын тағам мөлшерін сараптай отырып, адамдарға тек пайдалы тағамдармен тамақтану қажет екенін түсінеді. Диетологтың айтуынша, жануарлар олардың ағзасында қандай да бір элементтердің жетіспейтінін өздері-ақ сезеді екен.

Сонымен қатар, егер де адам қандай да бір сырқатпен диетологтың көмегіне жүгінетін болса, онда оның ағзасында белгілі бір заттың жетіспеушілігі немесе шамадан тыс заттың бар екені айтылады. Алайда Раубенхаймердың айтуынша, мұндай жағдайлар көбінесе ағзадағы заттардың үйлесімсіздігімен байланысты болады. Оның болжауынша, ағзаға қажетті заттарды табиғи азық-түлік өнімдерінен алу керек.

Еске салайық, осыған дейін диетологтар асты жиі әрі аз мөлшерден ішудің пайдасы жоқ екенін айтқан болатын. Ғалымдар отбасылық таңғы, түскі және кешкі астың пайдасын айтып өтті. Диетологтардың айтуынша, күнделікті таңғы асты ішу арқылы кешкі астағы калорияны азайтуға болады екен. Дегенмен ғалымдар тәуліктік тамақты дұрыс ішу нормасына қатысты тұжырымды кеңестерді айта алмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети