Қазақстанда осы жылдың шілде айынан бастап денсаулық сақтау паспорты енгізілді. Бұл жобаның қолданылуы мен артықшылығы туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Орталық коммуникациялар қызметінде айтып берді, - деп хабарлайды Елорда Инфо.
Қазақстанда осы жылдың шілде айынан бастап денсаулық сақтау паспорты енгізілді. Бұл жобаның қолданылуы мен артықшылығы туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Орталық коммуникациялар қызметінде айтып берді, - деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Денсаулық 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бүгін біз электронды денсаулық сақтау паспорты жобасын іске қосып отырмыз. Бұл сондай-ақ, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында да жүзеге асырылып жатыр. Одан бөлек, Мемлекет басшысы медицина саласындағы қағазбастылықтан арылу керектігі жөнінде тапсырма берді. Электронды денсаулық паспортында пациентке қатысты барлық мәліметтер болады және ол сақталады", - деді Олжас Әбішев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, 2018-2019 жылдары медициналық мекемелерде 600-ден астам есепке алу құжаттары оңтайландырылды.
"Одан бөлек, дәл қазіргі уақытта медицина саласы қызметінде 121 есепке тергеу формасы толығымен электронды форматқа көшті. Ол есепке алу туралы мәліметтердің бәрі пациенттің электронды денсаулық сақтау паспортында жинақталып, сақталады. Сол сияқты әрбір азамат өзінің денсаулық жағдайы мен оған қатысты мәліметтерді Электронды үкімет порталы немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы білуге болады. Сонымен қатар, ол жерде сіз қаралған емхана, сізді емдеген дәрігер туралы мәлімет пен сізге қандай дәрі-дәрмектер берілгені туралы ақпараттармен де таныса аласыздар", - деді ол.
Сонымен қатар, министр орынбасары денсаулық сақтауды цифрландырудың негізгі принциптерінің бірі пациентке жағдай жасау болып табылатынын айтты.