19 желтоқсан 2019 12:51

Елімізде 431 денсаулық сақтау нысаны салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өткен кезеңде қол жеткізілген нәтижелер және жаңа Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың басқарма төрағасы Юрий Пя медициналық қауымдастықтың позициясы туралы баяндады. 

3 жыл ішінде "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға шамамен 513 миллиард теңге бөлінді. Елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды, орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа жетті.

"Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев медициналық көмектің сапасын жақсарту, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке жұмсалатын шығыстарды 60 пайызға дейін ұлғайту бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар қабылдауды, медициналық ұйымдардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды", - деді премьер-министр. 

Үкімет басшысы жаңа Мемлекеттік бағдарлама аясында халықты салауатты өмір салтына бейімдеу үшін қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жаңғыртылатынын атап өтті. Жалпы салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараларды кеңейту жоспарланған.  

"Медициналық көмек сапасын арттыру, денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құруды аяқтау бойынша шаралар қабылданады. Ол үшін ауруларды ерте анықтауға ынталандыру мақсатында емханалар мен ауруханаларды қаржыландыру жетілдіріледі", - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр барлық өңірлерде медициналық қызмет көрсетудің жаңа технологиялары енгізіліп жатқан алғашқы медициналық көмек көрсетудің озық тәжірибе орталықтарын дамыту жалғасатынын атап өтті. 

Медицина қызметкерлерінің статусын арттыру үшін медициналық кадрлық ресурстардың ұлттық жүйесі құрылады.

"Дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы орта есеппен 2 есе артып, оларды әлеуметтік қолдау шаралары күшейтіледі, сондай-ақ кәсіби жауапкершілік шаралары да күшейтіледі. Жалпы бір дәрігердің жүктемесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деңгейіне дейін азаяды (1500 адамға 1 дәрігер)", - деді Мамин. 

Үкімет басшысы медицина саласындағы инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсарту және жобалық басқаруды енгізу жоспарларын атап өтті.

"Алғаш рет салаға 2,8 триллион теңге қаржы бөлу жоспарланған, соның ішінде, 2,2 триллион жеке инвестициялар. Осы қаражат есебінен 431 денсаулық сақтау объектісі салынады, оның ішінде 10 мың орынға арналған, халықаралық деңгейдегі 19 көпсалалы аурухана мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы салынады. Бұл ауруханалардағы емдеу орындарын 50 пайызға ұлғайтуға, медициналық нысандарының тозуын 56 пайыздан 38 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді", - деді Асқар Мамин.

Премьер-министр осы шаралардың барлығы медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және ауру-сырқаудың деңгейін азайтуға және қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети